Теңіз кенішінде 230 орындық инфекциялық стационар ашылды

Қазіргі уақытта мұнда ТШО мердігер мекемелерінің 211 қызметкері ем қабылдауда, деп хабарлайды Жедел штаб.

Инфекциялық стационар Атырау қаласында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында ашылып отыр. №2 облыстық аурухананың филиалы болып табылатын аталмыш орталық - "ПТШО" вахталық лагерь аумағында орналасқан.

Бүгінде аталмыш орталықта 211 науқасқа ем жүргізілуде. Оның ішінде 55 адамда - аурудың жеңіл түрі байқалса, 156 науқастың ауруы симптомсыз өтуде.

- Инфекциялық стационарда жұмыс істеуге екінші облыстық аурухананың 25 қызметкері жұмылдырылған. Атап айтқанда, олар үш дәрігер, 16 орта медицина қызметкері және 6 кіші медицина қызметкері. Алайда, олардан бөлек қосымша 1 терапевт, 1 инфекционист және 8 кіші медициналық қызметкер қажет, - деп мәлімдеді Жедел штаб.

Сонымен қатар, аталған инфекциялық стационарда ТШО клиникасының 32 дәрігері мен 30 орта медициналық қызметкері жұмыс істейді.

- Қазіргі уақытта стационарларда 2000-нан астам байланысушы карантинде жатыр. ТКҚСҚБК және ТШО облыстық филиалының санитарлық-эпидемиологтары науқастарды оқшаулау жұмыстарын жүргізуде. Карантиндік шаралар уақтылы енгізілмей, блок-посттар дұрыс орнатылмаған кезде, эпидемиологиялық жағдай бақылаудан шығып, инфекция облыс орталығына таралуы мүмкін еді, - деп түсіндірді штабтағылар.

"ПТШО" вахталық аумағында анализдерді жинау және өңдеумен үш зертхана айналысады: олар Ұлттық сараптама орталығының Атырау облысы бойынша филиалы, Олимп лабораториясы және Атырау обаға қарсы күрес станциясының мобилді зертханасы. 19 мамырдан бастап республикалық Ұлттық сараптама орталығының зертханасы өз жұмысын бастайды.

Кен орнында бұдан бөлек, 80 орындық провизорлық стационар мен 610 орындық карантиндік стационар бар.

Атырау облысының жедел штабы

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21