Теңіз кенішіне қосымша 15 медицина маманы барады

«Бұл туралы бүгін Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

«ТШО-дан инфекциялық стационардың төртінші блогының​ ашылатындығы туралы хат келді. Қазіргі таңда ондағы инфекциялық стационардың үш блогы жұмыс істеп жатыр. Өткен аптада 8 медицина маманы ТШО кешеніне жіберілді. Енді тағы 15 медицина қызметкерін жөнелту жоспарлануда. Оның ішінде бір дәрігер, жеті мейірбике, жеті кіші буын қызметкері бар. Бүгінгі таңда кен орнындағы инфекциялық стационарда 23 медицина маманы қызмет көрсетуде» деп атап өтті спикер Нина Оспанова. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Еске сала кетелік, Атырау облысында өткен тәулікте 61 адамда коронавирус індеті анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан тіркеліп отыр. Сондай-ақ, инфекция Теңіз кенішіндегі 42 жұмысшыдан расталған. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте​ коронавирус инфекциясынан 11​ науқас емделіп шықты. Қазіргі уақытта 164 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда​ 38 ​ науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарда 5 (Индер ауданынан - 3, Қызылқоға ауданынан - 2 науқас), Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 174 адам ем қабылдауда.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика