Өткен тәулікте Атырауда індет жұқтырған 28 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 28 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 19 жұмысшыдан, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет, Исатай аудандарынан бір адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған.

Соңғы тәулікте 12 адамда коронавирус инфекциясы кезекті медициналық тексеріс кезінде анықталған. Covid-19 жұқпасының симптомды белгісі бар екі науқас өз еркімен медициналық ұйымдарға жүгінген. Науқастардың 26-ында ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі 20 – 49 жасты құрайды.

Айта кетейік, соңғы мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясынан 8 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 148 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 32 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 111 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT