Баршамызға белгілі күн салқындай бастағанда халық арасында жедел респираторлық вирусты жұқпа және тұмау аурулары өршиді. Тұмау ауа тамшылары арқылы берілетін жіті респираторлы жұқпалы ауру. Жалпы тұмау ауруының ең жиі кездесетін кезеңі бұл қыс маусымы. Ал көктем-жаз айларында аз деңгейде болады. Яғни бұл аурудың өршу кезеңі күз мезгілінен көктем айларына дейін созылады. Бұл ауру жас талғамайды. Ересектерде де, балаларда да, қарт адамдарда да, тіпті жаңа туған нәрестелерде де кездесіп жатады.
Тұмау-эпидемия және пандемия түрінде тез әрі кең таралатын , маусымдық жұқпалы ауру. Тұмауды жеңіл-желпі ауру деп қарауға болмайды. Тұмау әдетте асқынуымен қауіпті. Ең жиі кездесетін тұмау аурының асқынуы-пневмония.Сондай-ақ асқынуға байланысты бронхит, синусит, отит, миокард секілді ауру түрлері тіркелуі мүмкін.
Тұмаудың алғашқы белгісі- дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі. Сонымен бірге адамның басы ауырып, буыны сырқырап, көздері жасаурап, түшкіреді.Сонан соң жөтел пайда болады. Осы уақыт ішінде ауруды қоздырушы вирустар көбейеді. Бұл вирустар адамның тыныс жолдарында , өңешінде өсіп-өніп тарайды. Яғни тұмау ауруы адам жөтелгенде, қақырынып, түшкіргенде вирустар сілекей шашырындалрымен ауаға жайылады. Сондай-ақ ау пайдаланған үлгі орамал, ыдыс-аяқ, киімдер арқылы да жұғады. Тұмау ауруынан ересектерден гөрі балалар жиі сырқаттанады. Тұмаудың өте қауіпті жағы ол ауруды асқындырып жібереді. Мысалы туберкулез ревматизм және бастың жүйкес жүйесі ауруларының қозып, асқынуы салдарынан кейбір сырқат адамдардың жағдай нашарлап , соңы өлімге әкелі мүмкін. Сондықтан тұмау белгісі білінген кезден бастап дәрігер шақырып ,берілген кеңесті мүлтіксіз орындау қажет.
Аурудың қозыдрғышы ортомиксовирус, олардың А,В,С деген үш типі бар. бар. Жыл сайын ауру тудыратын вирус өзгеріп отырады. Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет , мектеп оқушылары 3 рет , мектеп жасына дейінгі балалар 6 ретке дейін ауырады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмаудан қорғайтын жалғыз және тиімді шара ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Ауданда 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымы басталғаннан бері (2024 жылғы 01 қазаннан бастап) ЖРВИ 2014 жағдайы тіркелді. Науқастардың жалпы санынан 61,6 % (1242 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне келеді. Аудан бойынша «А» типті тұмаудың бүгінгі күнге дейін зертхана арқылы дәлелденген 5 жағдайы тіркелді.
Расында да тұмау эпидемиясына қарсы шаралар ішінде вакцина егу басты орын алады. Негізі тұмау ауруын болдырмау үшін вакцина тұмау пандемиясы басталған кезде егіледі. Вакцина адам өміріне тосқауыл болып,аурудың көп таралуына кедергі келтіреді. Екпе кез келген тұмау эпидемиясының ең сенімді қорғанысы болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан қорғайды. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады. Екпенің негізгі мақсаты инфекцияны толықтайжою емес , тұмаудан болатын өлім-жітімді және оның асқынуларын, жүрек –қан тамырлық , өкпе ауруларының басқа да созылмалы патологиялардың асқынуларын азайту болып табылады.
Жыл сайын облысымызда ақысыз түрде жұқтыру қаупі жоғары халықтың тәуекел топтарына жататын медициналық қызметкерлер, 2-3 кезеңдегі жүкті әйелдер , жабық мекемедегі балалар , сәбилер , қарттар, жиі ауыратын 6 айдан асқан әлсіз «Д» есепте тұратын балалар, созылмалы аурулары бар контингенттерге вакцинациялау ұсынылады. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес тұмауға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың жалпы санының кемінде 10-40% вакцинациялау қажет.
Тұмаудың сақтану жолары қандай?
Басқаларға жұқтырмау үшін үйде болу және өз уақытында емделу, яғни дәрігерге қаралу. Тұмау кезінде өз өзіңді емдеу орынсыз. Дәрігер диагнозыңызды анықтап, сіздің жағдайыңызға, жасыңызға қарап дәрі-дәрмекті тағайындайды. Дәрігердің айтқан кеңестерін орындау. Тұмау белгілері пайда болғанда жұмысқа, оқу орындарына бармау, балабақшаларға балаларды апармау керек. Бұл басқа адамдардың вирустық инфекцияны жұқтырып алмас үшін және таралмау үшін қажет.
Тұмаудан қорғау және басқаларға жұқтырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет.
-Тұмауға қарсы дер кезінде егілу
-Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту
-Медициналық бетперде кию
-Түшкіргенде ауызды бет орамалмен немесе шынтақпен бүркеу
- Инфекцияның таралуының алдын алу үшін қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған спиртті құралмен сүру
-Үй-жайларды ылғалды жинау,желдету және ауаны ылғалдандыруды жүзеге асыру
- Науқас адаммен байланыс жасаған кезде бетперде кию.
-Салауатты өмір салтын ұстану (Толыққанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциясымен күресуіне көмектесді.
Сондықтан тұмауға жеңіл желпі қарауға болмайды. Өз уақытында дәрігерге қаралып, аурудың алдын алсаңыз тұмаудан болатын асқынулардың төмендеп, денсаулығыңызды қорғайтын боласыз.
Исатай аудандық СЭББ басшысы Б.Картмаганбетова