Тұмау дегеніміз не және оның қауіптілігі қандай?

(0 Votes)

Тұмау – бұл кез-келген адамның жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауру. Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулердің жағдайлары одан да күрт нашарлауы мүмкін, өлімге дейін әкелетін аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал. Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар: өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлім-жітімге әкелетін себеп болып табылады.

Ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды. Өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония тұмаудан қайтыс болғандардың көпшілігінің себебі болып табылады. Ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды. Исатай ауданында 2025 жылы тұмау ауршаңдылығының жағдайы тіркелген жоқ. 
     Клиникасы.Тұмау әдетте кенеттен басталады. Тұмаудың қоздырғыштары А және В типті вирустар агрессивтілігімен және өте жоғары көбею жылдамдығымен сипатталады. Сондықтан инфекция жұқтырғаннан кейін бірнеше сағат ішінде вирус тыныс алу жолдарының шырышты қабығының терең зақымдалуына әкеледі, бұл бактериялардың дамуына мүмкіндік береді. Тұмау белгілері: дене қызуының көтерілуі, дене қызуының 37,5–39°С, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардың ауыруы, қалтырау, шаршау, жөтел, мұрыннан су ағуы немесе мұрын бітелуі, тамақ ауруы және қышу.Тұмауды басқа аурулармен шатастыруға болады, сондықтан дәрігер нақты диагноз қою керек, ол емдеу жолдарында да тағайындайды. Науқаста алғашқы белгілері пайда болған кезде басқаларға жұқтырып қана қоймай, емдеуді уақытында бастау үшін үйде болуы қажет. Ол үшін дереу дәрігерге жүгіну керек. Инфекцияның одан әрі таралуын, сау адамдармен қарым-қатынасты болдырмау үшін науқасты оқшаулау керек.
     

Маңызды!Ата-аналар! 

Ешбір жағдайда тұмау жұқтырған балаларды балабақшаға, мектепке, мәдени шараларға жібермеңіз.
Тұмау кезінде төсек режимін сақтау өте маңызды, өйткені ауру жүрек-тамыр, иммундық және басқа дене жүйелеріне жүктемені арттырады.
Тұмауға қарсы өзін-өзі емдеуге жол берілмейді, дәрігер диагноз қойып, науқастың жағдайы мен жасына сәйкес қажетті емдеуді тағайындауы керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұстанымына сәйкес, тұмауға қарсы ең тиімді құрал вакцинация болып табылады, өйткені дәл осы эпидемиологиялық маусымда ең өзекті болып табылатын және оның бөлігі болып табылатын тұмау вирусының түрлерінен қорғауды қамтамасыз ететін вакцина. Тұмау маусымы басталмай тұрып, тұмауға қарсы екпе алыңыз.
Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде киіңіз.
Өз денсаулығыңызды күтіңіз!
      ЖРВИ және тұмаудың алдын алу.
      Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша тұмаумен күресудің жалғын әлеуметтік және экономикалық нәтижелі алдын алудың шарасы – вакцинопрофилактика.
    Вакцина егуді күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болады және де екпе алғаннан кейін организимде иммунитет пайда болғанға дейін 14 күндей уақыт керек.         
    Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек - қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинацияланады.
      Сонымен қатар осал топқа кірмейтін әр адам өз қалауы бойынша ақылы түрде мемлекеттік емханалар мен жеке клиникалардан тұмауға қарсы екпе алуына болады.

Исатай аудандық СЭББ бөлім басшысы Г.Б.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT