Тұмаудың алдын алайық!

тұмаудың алдын алу
фото: интернеттен

        Атырау облысында 2023 жылдың 1 қазан айынан бастап облыс бойынша ЖРВИ-ның 36 615 жағдайы, 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші 5303,8 құрады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 19 786 жағдай, жүкті әйелдер арасында 290 жағдай.

      Оның ішінде тұмаудың зертханалық дәлелденген 9 жағдайы (барлығы ересек адамдар, оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 6 жағдай) тіркелген болатын (A /H3N2/).

       Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері ағзаға түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

       Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы  геморрагиялық бөртпе.

      Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

       2023 жылы  жергілікті бюджет қаражатына Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында тұмаудың A /H3N2/, A/H1N1/ және B –штаммдарының антигендері бар.

      Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің, сабилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша тұмауға қарсы вакцинацияланды.

        Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.

 

Бекешева Әлия Аюпқалиқызы

Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT