Тұмаудың алдын алудың тиімді әдісі–вакцинация

2023/2024 ж.ж. эпидмаусымның басынан бастап облыста ЖРВИ 95 459 жағдайы тіркелді.

100 мың адамға шаққандағы аурушылық көрсеткіші –13641,3 құрады. Соңғы екі аптаны салыстырғанда аурушылық 9,6 пайызға төмендеді (4830 жағдайдан 4406 жағдайға).

 

Оның ішінде ЖРВИ-ның 14 жасқа дейінгі балалар арасында 59 245 жағдай, жүкті әйелдер арасында – 1199 жағдай тіркелді.

Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

  Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:

 

Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

 

- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

 

- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

 

- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

 

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

 

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

 

- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

 

- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

 

- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

 

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.

 


Бекешева Әлия Аюпқалиқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT