Тұмаудың емі – вакцинация

сурет: ғаламтордан

 

        Жаңа 2024-2025 жылдардағы тұмаудың эпидемиялық маусымынның 1 және 17 қазан аралығында облыс бойынша жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (әрі қарай - ЖРВИ) 7 312 жағдайы, 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші 1041,2 құрады.

        ЖРВИ-мен ауырғандардың көпшілігін 14 жасқа дейінгі балалар құрады – 65,5% (4 793 жағдай).

        Тұмау және COVID-19 вирустарына ПТР әдісімен 32 сынама тексерілді, оң нәтиже анықталған жоқ.

       Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда анықталды. Барлығы  32 үлгі зерттелді, оның ішінде 43,7%-да оң нәтиже анықталды (14 жағдай). Оның ішінде риновирус, аденовирус, РС вирус, парагрипп және коронавирус анықталды.

      Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

       2024 жылы  жергілікті бюджет қаражатына Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында тұмаудың A /H3N2/, A/H1N1/ және B –штаммдарының антигендері бар.

      Тұмаудың жылсайынғы маусымдық вакцинациялау жұмыстары 2024 жылдың 15 қыркүйек айынан бастап барлық облыстың емханаларында басталды. 17.10.2024ж. облыста тұрауға қарсы 40 967 адам екпемен қамтылды, оның ішінде жүкті әйелдер – 2 496, балалар – 8 901.

       Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

       Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:

- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;

- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;

- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;

- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;

- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;

- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;

- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.

 

Сарсенғалиева Айнагүл Әділқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521