Топырақтың санитариялық жағдайы - топырақтың адам денсаулығы мен жануарларға тікелей әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Топырақты қорғау адамның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Топырақтың санитариялық жағдайы оның эпидемиялық және гигиеналық тұрғыдағы сапасы мен қауіпсіздік дәрежесін анықтайды.
Топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ -32 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексіне сәйкес Атырау облысында қоршаған ортаның жай-күйі мен адам денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау үшін топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі жүргізіледі.
Топырақтың жай-күйін қадағалау бойынша 2024 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша су тазарту қондырғыларының санитариялық қорғау аймағынан және рекреация аймағынан санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 58 топырақ сынамасы, микробиологиялық көрсеткіштерге 64 сынамалар алынып, зерттеу нәтижесінде сәйкессіздік анықталмады.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда санитарлық ұйғарымдар шығарылады, профилактикалық және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексіне сәйкес бақылаудағы объектілер мен қоршаған орта объектілері жай-күйінің көрсеткіштері нашарлаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына шығарылып отыр.
Исқақова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары