Күкіртсутегі (H₂S) — түссіз және шіріген жұмыртқаның иісі бар улы газ. Ол аз мөлшерде болса да, ауыр улануға әкелуі мүмкін.
Улану белгілері:
• Бас ауыруы
• Бастың айналуы
• Құсу және жүрек айну
• Дем алудың бұзылуы
• Ауыр жағдайларда тыныс алу тоқтауы және өлім
Уланудың алдын алу шаралары
• Жеке қорғаныс құралдарын қолдану: маска, респиратор, қорғаушы көзілдірік.
• Жұмыс орындарында сероводород концентрациясын газанализаторлар арқылы бақылау.
• Газдың шоғырлану мүмкіндігі бар бөлмелерде жақсы желдетуді қамтамасыз ету.
• Қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдері туралы қызметкерлерді оқыту.
• Жоғары деңгейдегі сероводород бар аймақтарда қорғаныссыз жұмыс жасамау.
• Газдың иісі белгілері анықталғанда тез эвакуация жасау.
Искакова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары