Жіті ішек инфекцияларының алдын алу мәселесіне баса назар аударылады. Жіті ішек инфекциялары жылдың мезгіліне байланысты емес, әр кезеңінде орын алуы мүмкін.
Ішек инфекциялары өткір басталады, температураның жоғарылауы, сұйық нәжіс, іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсу болуы мүмкін.
Ішек инфекцияларының алдын алу үшін он «алтын» қағиданы сақтау керек:
Қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау.
Тамақты мұқият дайындау.
Тағамды мүмкіндігінше дайындағаннан кейін бірден ішу керек.
Тамақ өнімдерін дұрыс сақтау.
Алдын ала дайындалған тағамды мұқият қыздырыңыз.
Шикі және дайын тамақ өнімдері араластыруға жол бермеу.
Қолды жиі жуу.
Ас үйді таза ұстау.
Тамақты жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан қорғау.
Сапалы, таза суды пайдаланыңыз.
Адамдар көбінесе көкөніс, балық, ет консервілері, сондай-ақ үй жағдайында жасалатын қақталған балық тұтынады, бірақ олардың біздің денсаулығымызға өте қауіпті екенін ұмыт қалдырады. Бұл тағамдарда осы уланудың дамуына ықпал ететін ботулинотоксиннің көп мөлшері болуы мүмкін.
Ботулизмнің алғашқы белгілеріне: бас ауруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, дене қызуының көтерілуі жатады.
Тағамдық токсикоинфекциялар (ТТИ) – адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әртүрлі бактериялардан орын алатын жіті ішек инфекцияларының аурулар тобы. Олар дәреттің бұзылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеп соғады, бактериялар ағзаға сілекеймен, тамақпен немесе сумен бірге түседі. Тағамдық бактериотоксикоз пайда болу үшін қоздырғыштардың үлкен концентрациясын қабылдау қажет немесе оларды тамақ өнімдерінде және де суда көбейту үшін жеткілікті уақыт өту керек.
Ботулизмнің алдын алу негізінен үй жағдайында консервіленген тағамдарды және сатып алынатын консервіленген тағамдарды дұрыс таңдау, сондай-ақ дұрыс сақтау ережелерін толық орындау болып табылады.
Тағамдық токсикоинфекциялар (ТТИ) бұл аурудың алдын алу жолдары негізгі бағыты ол қоздырғыштардың тамақ өнімдеріне түсуін болдырмау және одан әрі көбейюіне жол бермеу. Бұл жағдайда осы қағидалар ұсынылады:
- тамақ объектілерінде санитариялық-гигиеналық және эпидемиологиялық режимдерді қатаң сақтау (тамақ өнімдері мен түрлі тағамдарды өндіру және дайындау технологиясын сақтау, тамақ өнеркәсібі қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауы);
- тамақ өнімдері мен дайын тағамдарды сақтау ережелері мен режимдерін қатаң сақтау;
- тамақ өнімдерін тасымалдау және сату шарттарын сақтау.
Ішек инфекцияларының алдын алуға болады және алдын алу керек. Бұл үшін алдын алудың аса қиын емес, бірақ өте тиімді ережелерін білу керек және қатаң түрде сақтау қажет. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс.
Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
 
                                    
             
             
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						

