Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы жұғады

(0 Votes)

Туберкулез-бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез –бұл тек өкпе ауруы ғана емес,сонымен қатар адамның барлық ағзаларының- сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.Жұқтырудың негізгі көзі-туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам. 


Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады.Жөтелгенде, түшкіргенде өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерімен дем алуы жеткілікті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге ,түшкіру, сөйлеген  кезде 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар  еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы сақталуып қалуы мүмкін. 
Туберкулез қоздырғышы-туберкулез таяқшасы, Кох таяқшасы. Кох таяқшасын –бегілі неміс ғалымы Роберт Кох 1882 жылғы 24 наурызда ашқан .1882 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  және Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағы 24 наурызды ресми түрде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды. 
Туберкулез жұқтыру барысында аурудың дамуы мен ауыр ағымына ықпал ететеін факторлар өте көп. Бұл-әлеуметтік тұрмыстың нашарлығы , дұрыс тамақтанбау, психологиялық күйзелістер, ілеспе аурулар (қант диабеті, жарақаттар, созылмалы өкпе аурулары ,АИТВ/ЖИТС), зиянды әдеттер.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ
* Жөтелдің екі аптадан астам уақытқа созылуы және қан түкіру
* Дене қызуының көтерілуі және тершеңдік;
* Кеуде қуысының ауыруы және шаншуы;
* Дене салмағының түсуі;
* Тершеңдік;
* Тәбеттің төмендеуі;
* Қатты шаршау және әлсіздік;

Аурудың белгілерін байқаған жағдайда  не істеу керек?
* Тексерілу үшін тұрғылықты және оқу орны бойынша медициналық мекемеге жүгініңіз;
* Уақытында анықталған туберкулез - аурудан айығып кетудің кепілі.

Туберкулездің алдын алу іс-шаралары :

* Жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен вакцинацияланады, егер нәрестеде медициналық қарсы көрсеткіштері бар болса, екі айға толғанға дейін вакцинацияны емдеу мекемелерінде алады. Ал, екі айдың ішінде вакцинацияны алмаған жағдайда балаға Манту сынамасы жүргізіледі, Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі.
* 14 жасқа дейінгі «Қауіп тобындағы» (әлеуметтік жағдайы қолайсыз отбасынан шыққан балалар, екі аптадан астам ұзақ жөтелу белгілері бар балалар, әртүрлі аурулардың себебі бойынша педиатрда ДЕ-те тұрған балалар, жабық оқу орындарының балалары, вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейінгі тыртықтары өнбеген балалар, гормондық терапияны қабылдайтын балалар, иммундық супрессивті терапияны алатын балалар) және туберкулез ошақтарындағы балалардың арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында Манту сынамасымен жылына 1 рет қамтылады;
* Міндетті түрде флюорографиялық тексерілуден кем дегенде жылына 1 рет өту;

Туберкулездің алдын алу шаралары:
* Салауатты өмір салтын ұстану – жүйелі түрде белсенді дене шынықтырумен айналысу, спортпен айналысу, жақсы демалу;
* Тиімді тамақтану - бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдану;
* Зиянды әдеттерден аулақ болу - темекі, алкоголь, есірткіні тұтынбау;
* Жеке тазалық тәртібін сақтау – жуғыш заттар мен таза суды пайдаланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолдану, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу;
* Таза ауада жиі болып, табиғат аясында демалыс жасау;
* Үй ішін мезгіл-мезгіл желдетіп, (ылғалды) тазалап отыру;
* Қақырықты кез келген жерге қақырық түкіре салмау – аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет.
Есіңізде болсын, туберкулез емделетін ауру. Бүгінде ауру ерте анықталып, емдеу шаралары уақтылы жасалса туберкулезден толық сауығып шығу мүмкіндігі дәлелденген. Өз денсаулықтарыңыз өз қолдарыңызда!

 

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT