Туберкулез – адам ағзасына туберкулез таяқшаларылық екуінен пайда болатын инфекциялық жұқпалы ауру. Туберкулез ауру адамнан, сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде беріледі.
Туберкулез ауруы басталғанда келесі белгілер байқалады: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұстың ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі. Туберкулезді кең таралған ауру ретінде жою алдын алу іс-шараларын айтарлықтай дәрежеде жүргізумен байланысты. Флюорография, туберкулинді диагностика, вакцинация ерте анықтаудың негізгі әдістері. Флюорография – рентгенологиялық зерттеудің тәсілі және өкпе туберкулезін ерте анықтаудың нәтижелі әдістерінің бірі болып табылады. Әрбір адам жылына 1 рет міндетті түрде осындай тексеруден өтуі керек. Туберкулезді анықтаудың тағы бір тәсілі – Манту сынамасы. Оның көмегімен туберкулезге қарсы иммунитетті және алғашқы жұқтыру кезеңін анықтайды. Бұл вакцина емес, қауіпсіз тестті. Балаларды туберкулезден және оның асқынуынан қорғайтын бірден-бір әдіс вакцинация. Бұдан басқа, туберкулездің алдын алуға халықтың санитариялық-гигиеналық тұрмыстық жағдайлар, еңбек, өмір сүруі, спорт пен дене шынықтыру жатады.
Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары