Туберкулездің алдын алу

 

Туберкулез – адам ағзасына туберкулез таяқшаларылық екуінен пайда болатын инфекциялық жұқпалы ауру. Туберкулез ауру адамнан, сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде беріледі. 

Туберкулез ауруы басталғанда келесі белгілер байқалады: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұстың ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі.

Туберкулезді кең таралған ауру ретінде жою алдын алу іс-шараларын айтарлықтай дәрежеде жүргізумен байланысты. Флюорография, туберкулинді диагностика, вакцинация  ерте анықтаудың негізгі әдістері. 

Флюорография – рентгенологиялық зерттеудің тәсілі және өкпе туберкулезін ерте анықтаудың нәтижелі әдістерінің бірі болып табылады. Әрбір адам жылына 1 рет міндетті түрде осындай тексеруден өтуі керек.

Туберкулезді анықтаудың тағы бір тәсілі – Манту сынамасы. Оның көмегімен туберкулезге қарсы иммунитетті және алғашқы жұқтыру кезеңін анықтайды.  Бұл вакцина емес, қауіпсіз тестті. Балаларды туберкулезден және оның асқынуынан қорғайтын бірден-бір әдіс вакцинация.      

Бұдан басқа, туберкулездің алдын алуға халықтың  санитариялық-гигиеналық тұрмыстық жағдайлар, еңбек, өмір сүруі, спорт пен дене шынықтыру жатады.

  

Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT