Туберкулез – әлемде кеңінен таралған жұқпалы аурулардың бірі. Жыл сайын әлемде туберкулезден 2 миллион адам көз жұмады.
Атырау облысы Қазақстан Республикасында халықтың туберкулезбен аурушаңдығы бойынша қолайсыз аймақтардың қатарына жатады.
Балалар туберкулез ауруын жұқтыруда ең осал деп есептеледі. Әсіресе вакцинацияланбаған, иммунитеті әлсіз балалар туберкулезді жұқтыруға бейім келеді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша вакцинцияланбаған балалар арасында туберкулезбен аурушылық вакцинацияланғандармен салыстырғанда 6 рет жоғары болған.
Қазақстан Республикасында туберкулездің алдын алу мақсатында БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. БЦЖ вакцинасы патогенді әсері жасанды тірі туберкулез микобактерияларының БЦЖ вакцинасы штамын түзе отырып, вакциналарға қойылатын барлық талаптарынасәйкес келеді.
Дені сау жаңа туған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдері болмаған кезде, туғаннан кейінгі алғашқы 2-4 тәулікте босандыру мекемелерінің егу кабинетінде БЦЖ вакцинациялау жүргізіледі. БЦЖ вакцинасы егілген бала ағзасында туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастырады.
Бүгінгі күні БЦЖ вакцинациясы балаларды туберкулезден және оның асқынуларынанқорғайтын жалғыз әдіс болып қалуда.Вакцинациялау туберкулезден аурушаңдықты және өлімді төмендетіп, ауыр түрлерінің (менингит, милиарлы туберкулез, казеозды пневмония) пайда болуын ескертеді.
Облыста соңғы жылдары балалардытуберкулезге қарсы екпеден бас тартқан ата-аналар саны өсуде. Теріс діни көзқарастар және әлеуметтік желілерде вакциналар туралы дұрыс емес мәліметтер бас тартудың негізгі себептері болды.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, балаларды туберкулезге қарсы екпемен қамту 95% төмен болған кезде, осы аурудан індеттің пайда болуына қауіптілік туғызады.
БЦЖ екпесінен бас тарта отырып, ата-аналар өз баласында туберкулезді жұқтырудың қауіптілігін жоғарылатады.
Ата-аналар баласына БЦЖ вакцинациялауды жүргізуден бас тартпас бұрын дәрігерден вакцинаның пайдасы туралы толық мағлұматтар алуы қажет.
Балаңыздың денсаулығы Сізге байланысты және оған жауапты екеніңізді әрқашан естен шығармаңыз.
Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары