Туберкулездің алдын алуда флюорографияның маңызы

сурет: ғаламтордан

 

Атырау облысы Қазақстан Республикасында тұрғындар арасында туберкулезбен аурушаңдық бойынша қолайсыз аймақтың бірі болып табылады. Облыстағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы тұрғындар арасында аурушаңдық көрсеткішінің соңғы жылдары төмендеуіне қарамастан, республикалық деңгейден жоғары болып қалуда.

Облыста 2024 жылдың 7 айында туберкулезбен жаңадан 180 науқас анықталып, 2023 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда   12,7 пайызға төмен (2023ж. 7 айда – 203 науқас). Бұл республикалық көрсеткіштен 16 пайызға жоғары.

Туберкулез – ауа-тамшылы жолмен таралатын инфекциялық (жұқпалы) ауру.

Инфекцияның негізгі көзі – өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар. Туберкулезді жұқтырудың ең қауіпті көздері өкпенің ыдырау сатысындағы туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастар болып табылады. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ сирек те болса туберкулезге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын, лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер шалдығады.

Туберкулез ауруларын  ерте диагностикалау және уақтылы емдеу арқылы ауруды қысқа мерзімде емдеуге және туберкулездің асқынған түрлерін болдырмауға болады.

Туберкулезбен науқастарды ерте анықтауды меншік түріне қарамастан барлық мамандандырылған медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді.

Елімізде туберкулезді диагностикалау және емдеу тегін.

Бүгінгі күні туберкулезді ерте анықтаудың әртүрлі әдістері бар. Олардың ішінде флюорогафия туберкулезді ерте анықтау әдістерінің бірі болып табылады.

Адамдағы өкпе туберкулезі қандай да бір  көрініссіз жасырын түрде пайда болуы мүмкін. Өкпе туберкулезінің негізгі белгілері – жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік аурудың асқынған сатысында байқалады. Сондықтан флюорографиядан тұрақты өту туберкулезді ерте кезеңде анықтап қана қоймай, сонымен бірге белсенді туберкулез, ісік және өкпе қабынуын анықтауға мүмкіндік береді.

Флюорографиялық тексеруден  15 жастан асқан адамдар жыл сайын өтеді.  Сондай-ақ тәуекел тобындағы адамдар жылына 2 рет флюорографиялық тексеруден өтуі керек. Флюорографиялық тексеру әдісімен туберкулездің жаңа жағдайларын анықтауға болады.

Өкпені жыл сайынғы флюорографиялық тексерістен өткізу аурудың ауыр түрлерін болдырмау мүмкіндігіне кепілдік береді.

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521