Туберкулез – адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын инфекциялық жұқпалы ауру.
Туберкулез ауру адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде беріледі.
Туберкулез ауруы басталғанда келесі беліглер байқалады: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұстың ауруы, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі.
Туберкулезді кең таралуының алдын алу профилактикалық іс-шараларды нәтижелі жүргізумен байланысты.
Флюорография, туберкулинді диагностика, вакцинация ерте анықтаудың негізгі әдістері.
Өкпе туберкулезін ерте анықтаудың нәтижелі әдістерінің бірі флюорография болып табылады. Әрбір адам жылына бір рет міндетті түрде флюоротексерістен өтуі керек.
Туберкулезді анықтаудың тағы бір тәсілі – Манту сынамасы. Оның көмегімен туберкулезге қарсы иммунитеті және алғашқы жұқтыру кезеңін анықтайды. Бұл вакцина емес, қауіпсіз тестті. Балаларды туберкулезден және оның асқынуынан қорғайтын бірден-бір әдіс вакцинациясы.
Бұдан басқа, туберкулездің алдын алуға халықтың санитариялық-гигиеналық тұрмыстық жағдайлары, еңбек, өмір сүруі, спорт пен дене шынықтыру жатады.
Ирбатырова Гүлназ Абайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары