Тырысқақ –тырысқақ вибриондары тудыратын аса қауіптіинфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы ауру.
Тырысқақ сыртқы орта арқылы адамнан адамға беріледі. Жұқпаның берілу механизмі бойынша тырысқақ ішекинфекциясы болып табылады.
Инфекция қоздырғышының жалғыз көзі – инфекциялықпроцесстің клиникалық формасы мен ағымына қарамастаннауқас адам, сондай-ақ вибрион бөлушілер, яғнижұқтырушылар болғанымен тырысқақпен ауырмайтынадамдар.
Жұқтыру механизмі – фекальді-оральді, тырысқаққоздырғыштарының жетекші берілу жолы – су, сирекжағдайда тұрмыстық-байланыс, тағам.
Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырғансәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанғадейінгі аралық) 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнгесозылады.
Тырысқақ вибрионы адам ағзасына зақымдалған тамақпен суды тұтынған кезде ауыз арқылы енеді. Сондай-ақ, адам тырысқақты науқасқа күтім жасаған кезде қолданғантұрмыстық заттары арқылы жұқтыруы мүмкін. Шыбындарда қоздырғыштың таралуына ықпал етеді. Ластанған су айдындарында шомылған кезде суды жұтып қойғанжағдайда жұғуы мүмкін.
Тырысқақ ауруы интоксикациямен, ағзаныңсусыздануымен және нәжісте микробтардың бөлінуіменбірге жүретін жедел энтериттің дамуымен сипатталады. Нәжіс «күріш суы» сияқты: мөлдір, бұлыңғыр-ақ түсті, кейде қалқымалы сұр үлпектер жүреді, иіссіз немесе тұщысудың иісі болады.
Бұл инфекция бірнеше сағат ішінде ауыр сусыздандыруғажәне өлімге әкелуі мүмкін.
Тырысқақ диагнозы ең алдымен клиникалық көрінісінегізінде эпидемиологиялық жағдай жәнебактериологиялық расталу мәліметтерін ескере отырыпқойылады.
Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесібелгілер: қызба (температура – 37оС және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен біргетырысқақтан қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.
Басқа жіті ішек жұқпаларынан тырысқақ клиникалықағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен жәнесалыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарғатаралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру қабілетіменерекшеленеді. Осы ерекшеліктері үшін тырысқақ аса қауіптіжұқпалар тобына жатады. Тырысқақты алдын алуинфекцияның елге әкелінуін болдырмау шараларынанегізделген. Сондықтан тырысқақ Казахстан Республикасының аумағында санитариялық қорғаушараларын жүзеге асыруды қажет ететін аурулар тізімінеенгізілген.
Тырысқақтың алдын алу шаралары келесідей:
- жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер алдындажәне әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқиятжуыңыз;
- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
- ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз, ауызға су кіруіне жол бермеңіз;
- теңіз өнімдерін шикілей пайдаланбаңыз;
- азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген саудаорындарынан сатып алыңыз;
- жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесебөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.
Тырысқақ ауруының белгілері пайда болған жағдайда(жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналуы) дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ертежүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізугежәне қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.
Тырысқақтың алдын алудың негізгі шараларын сақтауарқылы, Сіз осы қауіпті жұқпалы ауруды жұқтырудан сақтана алатыныңызды ұмытпаңыз.
Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары