Вакцина алған атыраулық бойжеткен шетелге туристік жолдама ұтып алды (+ ВИДЕО)

Атырау қаласындағы ірі сауда орталығы ұйымдастырған ұтыстың жеңімпазы анықталды – деп, хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Тамаша» сауда орталығы әкімшілігі ұйымдастырған ұтыс 24 маусымда басталды. Ойын шарты бойынша Сovid-19-ға қарсы екпе алғандар лоторея билетін алып, тіркеуден өткен.

Нәтижесінде, құны 500 мың теңгені құрайтын туристік жолдаманы Аида Шайхиева ұтып алды.

– Өте қуаныштымын! Осыдан бір ай бұрын өз денсаулығым үшін вакцина салдырғанмын. Бірак, мұндай тосынсый күтпедім. Ұйымдастырушыларға рахмет – деді, ол.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT