Вирусты гепатит ауруының алдын алу шаралары

сурет ғаламтордан

 

Адам өмірінде басты құндылық – ол денсаулық. Егерде,  адам, денсаулығына зиян келтірмей гигиеналық тәртіпті, санитариялық талап ережелерді қатаң ұстанып жүрсе, ұзақ өмір сүруге болады. Дегенмен, бүгінгі таңда алаңдататын ең басты мәселе – қоршаған ортаның ластануы, осыған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының жеткілікті дәрежеде жүргізілмеуі салдарынан көптеген жұқпалы аурулар таралуда соның ішінде, Вирусты гепатит ауруының А, В, С түрлері ересектер арасынан табылуда.  

Вирустық гепатиттің 5 вирусы (A, B, C, D және E) бар олар бірімен шақырылатын  бауырдың қабынуы. Бұл вирустар әртүрлі жолдармен беріледі: Мысалы, А және Е гепатиті — ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы; В гепатиті — қауіпсіз емес қан және ағзаның басқа да сұйықтықтары арқылы; С гепатиті — негізінен жұқтырылған қан және D гепатиті арқылы — В гепатиті болған жағдайда қосымша инфекция ретінде беріледі. Бүгінгі таңда ауданымызда 2026 жылдың қаңтар айында Атырау қаласы, Халел Досмұхамбетов атындағы университетінің студенті «Вирусты гепатит «А»» 1 жағдайымен тіркелгендігі анықталды. Ошаққа эпидемиологиялық тексерулер жүргізіліп, оқу орны бойынша профилактикалық іс шаралар жүргізу мақсатында  Атырау СЭБ басқармасына арнайы хат жолданды. Қазіргі таңда ошақ бақылауда тұр.

Жалпы Вирусты гепатит А - бауыр зақымдануынан туындайтын вирустық өткір жұқпалы ауру.  Ауырған науқас адамдар инфекция көздері  болып табылады. Вирус гепатитінің қоздырғышы қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, содан кейін дені сау адамның  ағзасына ластанған сумен немесе тамақпен беріледі. Вирусты гепатит "А" сыртқы орта факторларына және дезинфекциялық құралдарға  жоғары тұрақтылығымен  ерекшеленеді. Көбінесе ауру тұмауға ұқсас ауру белгілерімен  басталады яғни, тәбеттің жоғалуы, жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, қызудың көтерілуі. Алайда, науқасты бұл тоқтатпайды, одан әрі зәрдің түсі өзгереді, несептің  сары  түстен қоңыр,  сыра түстіге дейін өзгеруі байқалады. Байқалатын тағы бір белгісі ол көздің (көз белоктарының) сарғайюы.

Сарғаю әдетте жас ұлғайған сайын жиі тіркеледі, 5 жасқа дейінгі балаларда сарғаю сирек кездеседі, көбінде гепатит "А" сарғайюы түрі – ересектерде кездеседі.

Жұқпалы "А" гепатитінен қорғаунудың неғұрлым тиімді  жолы жоспарлы екпе жасау 2 жасқа толған балаларға және шұғыл түрде ошақтарда қарым-қатынаста болған  балаларға екпе жүргізіледі.  Вакцинация көмегімен құрылған иммунитет 20 жыл және одан да көп сақталады.

Жалпы алдын алу шаралары кәдімгі күнделікті гигиенаны сақтаудан тұрады. Тамақтанудың алдында, дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу қажет. Жемістер мен көкөністерді пайдаланар алдында мұқият таза сумен жуу керек. Ет, балық етін және теңіз өнімдерін жеткілікті өңдеуден өткеннен соң қолдану. Қайнатылған немесе құтыдағы таза суды ғана ішу қажет.

Ал, В және С вирустық гепатиті – стерильді емес құралдарды пайдаланған кезде, егер оның үстінде ауырған адамның қанының фрагменттері қалса, қан арқылы таралатын қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Бұл инъекциялық препараттарды қолданумен, медициналық және косметикалық процедуралармен, татуировка жасаумен болуы мүмкін. Бұл вирустардың екінші таралу жолы — қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы. Гепатит — бауырдың қабынуы. Оны кейде сарғаю деп те атайды, өйткені терінің және көздің склерасының сарғаюы бауырдың қабыну белгілерінің бірі болуы мүмкін. Гепатиттің бірнеше топтары бар, бірақ олардың ішіндегі ең жасырындары  В және С. Вирусты гепатит В – гепатиттің ең емделмейтін, циррозға және бауыр ісігіне әкелуі мүмкін. Вирусты гепатит С, сәйкес вирус тудыратын бауырдың қабыну ауруы, көбінесе қан арқылы беріледі. С гепатиті «үнсіз өлтіруші» деп аталады, себебі ауру ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтіп, циррозға және бауыр қатерлі ісігіне әкелетін салдарға әкелуі мүмкін. Барлық вирустық гепатиттің ұқсас белгілері болуы мүмкін: әлсіздік, жүрек айну, құсу, ұйқысыздық, қышу, қара зәр, ақшыл нәжіс, склера мен терінің сарғаюы, кейде симптом болмауы мүмкін.  «Өз денсаулығымыз- өз қолымызда» екендігін ұмытпағанымыз жөн АҒАЙЫН.

 

Улданова  Айба  Шалқарқызы,

 Исатай аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT