«Вирусты гепатитің алдын алу шаралары».

Гепатит- бауырдың қабынуы.  Көпшілігіміз оны «Сары ауру» деп атаймыз. Бауырды зақымдайтын бұл вирустық инфекция адамнан адамға  ауыз су, тамақ, жанасу –тұрмыстық жолдар , қан арқылы беріледі. Ол нәжіс арқылы да жұғады.  Оның А,В,С,Д және Е деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктеі бар. Белгілері де әртүрлі. Бұл вирустар әртүрлі жолдармен беріледі:
А және Е гепатиті-ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы  ал қалған түрлері жыныстық жолмен, және қан арқылы таралады. Қауіпсіз қанды және оның құрылымдарын құю кезінде де жұғуы мүмкін.

 Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтн құралдардан , стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал. Бұл ауру тамыр арқылы есірткі тұтыну  кезінде, стерилденбеген шприц инені қолданғада, есірткі дайындау үшін жалпы ыдыстарды пайдаланған кезде жұғады. Гепатитпен ауыртын адаммен бірге тұрған жағдайда жеке бас гигиеналық заттарын(ұстара, қайшы,. Тіс щетка және т.б) бірге пайдаланған кезде жұғу қаупі артады. 

Сонымен қатар В және С гепатитінің жұқпалары созылмалы болып, бауыр циррозы мен обырының дамуына әкелуі мүмкін. 

Гепатит жіті басталады. Науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Де, 1-3 күн аралығында сақталып тұрады. Бас ауруы, айқын көрініс беретін жалпы әлсіздік, бұлшықеттердің ауыруы, қалтырау, ұйқышылдық, түнгі уақыттағы ұйқының бұзылуы байқалады. Тәбеттің төмендеуі, ауызда ащы дәмді сезіну , жүрек айнуы, кейде құсу, оң жақ қабырға астының, қарын үстінің ауырсынуы, және қолайсыздықтың сезінуі. , несеп түсінің өзгеруі аңғарылады.
Мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді.Алайда емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілернің бірі-сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. Сол себепті өзін жайсыз сезінген адам денсаулығы мен адам ағзасында болып жатқан өзгерістерге мұқият зер салғаны абзал. Вирус организмге түскеннен бауыр жасушаларын зақымдап , оның қызметі бұзылады. Қабынған бьауцыр дер кезінде емделмесе жасушалардың орнында ешбір функция атқармайтын пайдасыз тін пайда болады. Кеін ол фиброз, циррозға немесе қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. 
Таралу жолдары. 
Сақтықта қорлық жоқ дегендей ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есе сақтаңыз. Алдын алу шараларына ерекше назараудару қажет. 
Вакцина аурудың алдын алуға көмектеседі. 
Вакцина мәселесіне келетін болсақ, екпеге қарсылық білдіріп жүргендер бар. Алайда ДДСҰ мәліметінше дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Вакцина организмнің қорғаныс жүйесін белгілі бір аурудан немесе инфекциядан қорғауға жұмылдырады. Мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың , соның ішінде гепатиттің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Балаларды гепатитке қарсы егу кестесі бар. Ең алғаш рет нәрсетелерге туғннан бастап 4 күнге дейін екпе егеді. Екінші рет 2 айлығында, үшінші рет 4 айлығында салынады. 
 Әр адам вирустық гепатит туралы не білу қажет? Ішек инфекциялары тобына жататын энтеральды вирусты гепатиттер ( ВГА, ВГЕ) және парентеральды ВГ (ВГВ, ВГД) «қан инфекциялары» тобы. 

ВГА кезінде дәрігердің ұсынымдарын сақтау қажет. Өйткені ол асқыну беруі мүмкін. (Өт қабының, өт жолдарының аурулары )
 Вирустық гепатит А тек адамды зақымдайды. Қоршаған ортаға вирус негізінен нәжіспен түседі. Жұқтырудың жолы нәжіс-ауыз арқылы, сондықтан ВГА «лас  қол ауруы деп атайды. Аруру су, ыдыс-аяқ, ойыншық, жеке гиги ена заттар және басқа жда заттар арқылы жұғады. Вирус сыртқы орта әсерлеріне өте төзімді. Күз-қыс кезіне ВГА үшін өте қолайлы. Гигиенаның ең қарапайым ережесін сақтамау вирустың ағзаға енуіне тікелей жол ашады. Вирус адамның аузынан түсіп, ішете қанға сіңіп , бауырға түседі. Мұнда ол қарқында өсе бастайды. Бауыр тінінде қабыну реакциясы басталады, өт ауы бұзылады, бауыр мөлшері арт ады. Өт пен билирубин қанға түседі, нәтижесінде тері мен шырышты сары түсті қабылдайды, Вирусты гепатитке күдікт енген жағдайда (сарғаю, зәр қара түсті, нәжіс ашық түсті, тәбеттің күрт төмендеуі, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну) дәрігерге бару керек. Әдетте вирустық гепатит кезінде дереу ауруханаға жатқызу қажет.
Гепатит А ауруында негізгі алдын алу : бұл қарапайым гигиена ережелері
Дәретханадан кейін , тамақ алдында жұмыстан кйін көшеден кейін қолды сабынды сумен мұқият жуыңыз. Көкөністер мен жемістерді, тіпті бақшаңыздан болса да мұқият жуыңыз Табиғатта немесе саяжайда болғанда қайнатылмаған суды ішпеңіз. Балаларды ерте жастан бастап жеке гигиена ережелерін сақтауға үйретіңіз. Е вирусты гепатиті жалпы сипатта А вирусымен ұқсас. Әнтеральды А, Е ВГ алдын алу үшін әсіресе ішек инфекцияларының алдын алу  және басқа да ішек инфекцияларның алдын алу үшін қолданылатын жалпы гигиеналық және санитралық сипаттағы іс –шаралар маңызды. Сумен жабдықтау көздерін ластанудан қорғау, ауыз суды тұрақты хлорлау, қоғамдық иамақтану мекемелерінде санитарлық бақылау, халықты санитарлық ағарту т.б 

Медициналық мекемелерге және кометологиялық қызметке жүгіну барысында сақтау мерзімі өтпеген, герметикалық орамдағы бір рет қолданатын медициналық және косметологиялық құралдардың қолдануына, медициналық персоналдың міндетті түрде резеңке қолғапты пайдаланып қолдарының залаласыздандырылуына назар аудару қажет. Ешқашан есірткі тұтынбаңыз. Вирустық гепатиттің алдын алудың ең сенімді кепілі-вакцинация! Дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгінбеудің , диагностика жасауды кешіктірудің салдарынан туғандарыңызға ауруды жұқтыру қаупінің жоғарлайтынын естен шығармаған жөн.
 

Исатай аудандық санитарияляқ-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT