Қызылша «қызыл көрпемен» емделмейді

Республикада қызылша ауруының өсуіне байланысты облыс халқының қызылшамен сырқаттануының өсуін, таралуын болдырмау мақсатында және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 27 маусымдағы қаулысы негізінде облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығы қабылданды.

Соған сәйкес ауданда қызылша бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыратын жұмысшы тобы құрылып, тиісті шаралар қолға алынды. Ауруды өрбу кезінде анықтау қиындық туғызбайды. Теріде қызылша бөртпелері шықпай тұрғанда, науқастың қызылшамен ауырған ортада болуы, тамағындағы қабыну, көздің қызаруы, ұртта Бельский-Филатов-Коплик ақшыл бөртпелердің пайда болуы диагнозды растайды. Кейін теріде үш күнде біртіндеп шыққан бөртпелер диагнозды толық дәлелдейді. Инкубациялық кезең – жұқтырғаннан бастап, алғашқы белгілері байқалғанша, 7-ден 14 күнге дейін. Есте сақтау керек: ауру бөртпе пайда болып басталмайды, суық тию белгілері сияқты басталады-дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу.

Аурудың берілу жолы - ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Анасы қызылшамен ауырып қойған балада туғаннан 3 айға дейін шалдығу болмайды, өйткені, осы уақытта оның қанында сақтайтын анасының қарсы денелері сақталады. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда өмір бойы ауруға шалдығу қаупі кез келген жаста болады.

Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – егілу. Ол сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Қызылша пайда болса, ауырған адам болған инфекция ошағында, ұжымда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Инфекция ошағында күн сайын аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп, термометрия жүргізеді. Жұқтырған адамдар болса, дереу оқшаулайды. Қызылша, қызамыққа және шошқа мойынға (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды. Қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап шығару – бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі. Қазіргі таңда қызылша ауруымен күрес және алдын алу, осы аурудың асқынуынан сақтану вакцинация екенін ұмытпаған жөн.

Бақтыгүл ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521