Жанар-жағар май бекетіндегі жарылыстың алдын алу шаралары

 

1. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

• АЗС аумағында темекі шегуге қатаң тыйым салынады.
• Ашық от қолдануға болмайды.
• Тек сертификатталған құрал-жабдықтарды пайдалану қажет.
• Ұшқын шығару және жабдықтың қызып кетуіне жол бермеу керек.

2. Жабдықтардың техникалық жағдайын бақылау:

• Отын құю жабдықтарын (насос, шланг, клапан, резервуарлар) үнемі тексеріп тұру.
• Жерге қосу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
• Отын және оның буларының ағуына жол бермеу.
• Техникалық қызмет көрсету мерзімінде орындалуы тиіс.

3. Желдетуді қамтамасыз ету:

• Табиғи және жасанды желдету жүйелерін пайдалану.
• Резервуарлар мен ғимараттарда жанармай буларының жиналуына жол бермеу.
• Барлық бөлмелер үнемі желдетіліп тұруы керек.

4. Қызметкерлерді оқыту және нұсқаулық жүргізу:

• Өрт қауіпсіздігі бойынша үнемі нұсқаулық өткізу.
• Апат жағдайында әрекет ету бойынша жаттығулар ұйымдастыру.
• Эвакуация және төтенше жағдай жоспары әр қызметкерге таныс болуы керек.

5. Апаттық құралдар мен байланыс жүйелері:

• АЗС аумағында өрт сөндіргіштер, өртке қарсы қалқандар, құм болуы тиіс.
• Өрт дабылы жүйесін орнату.                                                                                                                                                                                                                                  • Төтенше жағдайлар қызметімен (101, 112) тәулік бойы байланыс болуы қажет.

 

Искакова Айгүл Сабырқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT