«Жәрдем» пойызы Исатай ауданына келеді

Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың денсаулығын жақсартуға байланысты берілген тапсырмаларын орындау мақсатында, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жоғары дәрежелі медициналық көмек алуға мүмкіндіктері жоқ елді мекендерге Батыс аймағы бойынша арнайы жабдықталған медициналық-диагностикалық «Жәрдем» пойызын ұйымдастырып отыр.

№915/916 «Жәрдем» арнайы медициналық емдік-диагностикалық пойызы Атырау облысы бойынша Жылыой ауданының Құлсары стансасына 2022 жылдың 10 маусымы күні Нұр-Сұлтан уақытымен 22 сағат 06 минутта кіреді.

Исатай ауданының Аққыстау ауылына 14 маусым күні 21:20 (Нұр-Сұлтан уақытымен) аралығында келіп, 16 маусым күнгі 20:41-ге дейін болады.

Нарын ауылына 16 маусым күні 21:34-те жетіп, 18 маусым күнгі 20:40-қа дейін болады.

Одан әрі Исатай ауылына 18 маусым күні 21:33-те келіп, 20 маусым күнгі 20:39-ға дейін тұрғындарды қабылдайды.

Келіп қаралуларыңызға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT