Балалардың сауықтыру лагерлерінің негізгі мақсаты – білім беру немесе мәдени даму, сондай-ақ балалардың толыққанды қауіпсіз демалысын ұйымдастыру, олардың сауығуына жағдай жасау.
Толық қауіпсіздік пен қолайлы орта жағдайында балалар, үйлеріне қарағанда өздерін ересек және тәуелсіз сезінуі мүмкін. Сондықтан санитариялық заңнама талаптарының сақталуын және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Сауықтыру ұйымдарын ұстауға қойылатын талаптар «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидалармен регламенттелген.
Осы нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес сауықтыру маусымы ашылғанға дейін сауықтыру ұйымдарында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Санитариялық ережелерге сәйкес, лагерь аумағы қоршалып, объектілер тұрмыстық ауыз су, ыстық су, канализация, жарықтандыру, желдету және басқа да жүйелермен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Барлық үй-жайлар таза болуы міндетті, жуғыш және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілу керек. Дератизация және дезинсекция шаралары жүргізіліп, жәндіктердің, кенелердің, кеміргіштердің болуына жол берілмеуі тиіс.
Нысандардың жиһаздары мен жабдықтары балалардың өсуі және жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы шарт. Күндізгі ұйқыны ұйымдастыру кезінде жатын үй-жайы бөлінеді, жеке кереуеттер (жазылатын кереуеттер) орнатылады, жеке төсек-орын жабдықтары (жайма, жастықтың тысы, көрпенің тысы) және кемінде екі орамал (аяққа және қолға арналған) көзделеді. Жылына кемінде бір рет төсек-орын жабдықтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) оларды пайдалану, бұйымдарды таңбалау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (камералық дезинфекциялау әдісімен немесе химиялық дезинфекциялау құралдарымен қоса алғанда) залалсыздандырылады.
Сонымен қатар, балаларды сауықтыру объектілерінің жатын үй-жайлары қоршалатын қатты төсегі бар бір немесе екі қабатты кереуеттермен, кереует жанындағы тумбалармен, киімге арналған шкафтармен жабдықталады.
Сондай-ақ жазғы сауықтыру орнында нысан басшысымен бекітілген перспективті мәзір жасалады. Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болған жағдайда жүзеге асырылады. Сүзбе, айран, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, қуырылған өнімдер, қаймақ пен майонез қосылған салаттар, тәтті сусындар, фасфудтарды өндіруге және сатуға рұқсат етілмейді. «Нысанның жауапты тұлғалары тамақтандыру пунктіне қабылданған өнімнің сапасын, өнімді сақтау жағдайларын және мерзімдерінің сақталуын, тәуліктік үлгіні таңдау мен сақтаудың дұрыстығын, тағам дайындау технологиясының сақталуын, жеке қызметкерлер мен асхана кезекшілерінің гигиеналық ережелерді сақталуын тексереді. Дайын тағамды тарату медицина қызметкерлері дайын тағамдар сапасына органолептикалық бағалау жүргізгеннен кейін жүзеге асырылуы тиіс. Күн сайын ас блогында дайын өнімнің тәуліктік сынамасы алынуы керек». Бұдан бөлек, барлық қызметкерлердің жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары болу міндетті.
«Балалардың денсаулығы дұрыс теңдестірілген тамақтанумен, дұрыс ұйқы, дене шынықтыру және дұрыс ұйымдастырылған күнделікті күн тәртібіне тікелей байланысты. Біз балаларымыздың қарапайым өмірлік дағдыларын, соның ішінде жеке бас гигиенасын сақтауды, балаларымызға қауіпсіз және пайдалы демалысты қамтамасыз етуіміз қажет».
Г.Б.Бисенбай
Исатай аудандық СЭББ басшысының м.у.а