Желшешек ауруының алдын алыңыз

0 votes

Желшешек – ауа тамшылары жолымен жұғатын, қызбамен, орташа айқын интоксикациямен және кең таралған везикулезді бөртпемен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Ауруды герпес вирустарының бірі тудырады (3 типті герпесвирус). Вирус науқас адамнан сау ауа тамшыларына (сөйлесу, бір шағын бөлмеде болу) беріледі.

     Инфекция көзі ауру адам болып табылады, ол вирусты 100% жағдайда таратады, сондықтан ауру кезеңінде ауру мен сау адамдар арасындағы байланысты шектеу өте маңызды. Желшешектің ең айқын белгісі –бөртпе және қышу.

     Балабақшаға немесе мектепке баратын балалар жиі ауырады — адамдар көп жиналатын орындар. Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, мектепке, балабақшаға немесе жұмысқа бармаған дұрыс.

      Денеде қышыну пайда болғанша (теріде вирус жоқ екендігінің белгісі) үй жағдайында болу керек. Бұл әдетте дақтар шыққаннан кейін 5 күннен соң пайда болады. Сусыздануды болдырмас үшін көп сұйықтық ішу қажет болады. Сәбилердің  тырнақтарын қысқартып, әсіресе түнде ол өзін тырнап алмасы үшін қолына шұлық немесе қолғап кигізген дұрыс. Гигиенаға келетін болсақ, жылы, бірақ ыстық емес душ қабылдаған дұрыс, содан кейін теріні құрғатып (ысқыламаңыз), денеңіздегі дақтар жазылғанша бос киім киген дұрыс.

     Ең бастысы – жараның қабығын алмау, теріні тырнамау. Тыртықтар қалып қоймауы үшін теріге тиіспеген маңызды. Егер қызба 39-дан асса, бөртпе элементтері пайда болса, дәрігерге шұғыл түрде хабарлаңыз. Сондай-ақ, егер бала өзін нашар сезінсе дәрігерге қаралыңыз.

    Балаларда желшешек ересектерге қарағанда жеңіл түрде өтеді, кей жағдайларда үлкендер асқынулардан зардап шегуі мүмкін. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады.

Желшеше кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығымен реттеледі.

Желшешекпен ауыратын науқастарды анықтауды медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйде қарау, медициналық қарап-тексеру, динамикалық бақылау және медициналық ұйымдарға барған кезде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық көріністері және (немесе) зертханалық зерттеу нәтижелерінің және (немесе) эпидемиологиялық анамнезінің негізінде қойылады.

Желшешекпен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

 Желшешекпен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызудың клиникалық көрсеткіштері:

      1) екі айлыққа дейінгі балалардағы аурудың барлық түрі;

      2) ауырлық дәрежесі орташа және ауыр науқастар;

      3) қосымша патологиясы бар созылмалы аурудың түрі.

   Желшешекпен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер:

      1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкіндігінің болмауы (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жатақхана, казармалар, коммуналдық пәтерлер);

      2) денсаулық сақтау ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, сәбилер үйіндегі, санаторийлердегі, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдарындағы), жазғы сауықтыру ұйымдарындағы, демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.

 Науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық бақылауды ұйымдастырылған ұжымдарда медицина қызметкерлері байланыста болған адамның орналасқан жері бойынша жүргізеді.   

Медициналық бақылау ұзақтығы соңғы науқас анықталған сәттен бастап желшешек кезінде күнтізбелік жиырма бір күнді, скарлатина кезінде күнтізбелік жеті күнді құрайды және сауалнама алуды, қарап-тексеруді және термометрияны қамтиды.

Науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау жүргізілмейді.

 Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда (6 жасқа дейінгі балалар үшін) желшешек тіркелген кезде соңғы науқасты оқшаулаған сәттен бастап күнтізбелік жиырма бір күнге карантин белгіленеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда желшешек, скарлатина қайта пайда болған жағдайда ауырып сауыққан балалар жіті көріністері жойылғаннан кейін топқа жіберіледі.

 Желшешекпен ауырып сауыққан балалар ұйымдастырылған ұжымға сауығуына қарай, бірақ бөртпе пайда болған кезден бастап тоғыз күннен кейін жіберіледі. Карантин кезінде жаңадан келген және уақытша болмаған балаларды қабылдауға, сондай-ақ балалар мен персоналды бір топтан екінші топқа ауыстыруға жол берілмейді.

 

 

Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521