Жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау ауруының алдын алу.

Жылдың суық мезгілінен бастап жіті респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) және тұмау ауруының саны күрт артады.

Жіті респираторлық вирустық инфекция-бұл жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа тамшылары арқылы берілетін вирустардан туындаған тыныс алу жолдарының ең көп таралған аурулары.Олардың арасында аденовирус, риновирус, тұмау вирусы және басқалар бар. Ауру қоздырғыштары тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларына еніп, вирустар көбейіп, қанға енеді. Бұл интоксикацияның жалпы белгілерін тудырады: қызба, бас ауруы, жалпы әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін.  Әдетте инфекция көзі ауру адам болып табылады. ЖРВИ, оның ішінде ең көп тарағаны –тұмау көктем, күз, қыс айларында көбірек байқалып, маусымдылығымен сипатталады. 
Қазан-сәуір айларында эпидемиялық кезең басталып, ЖРВИ және тұмау аурулары жиі тіркеледі. Тұмау-бұл жіті респираторлық вирустық инфекция тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын жіті ауру. Тұмаумен ауыратындардың саны артқан сайын тұмаудың асқынуы  да өршиді. Қысқы айлардағы сырқаттанушылық шегі адамдардың , әсіресе балалардың , жұмыс орындарында , мектептерде , балабақшаларда және қоғамдық көлікте тығыз байланыста және өте белснді болуымен түсіндіріледі.Вирустар төмен температура кезінде ұзақ сақталады.  Сілекей мен қақырық тамшыларында болатын тұмау вирусы, осы тамшылар төсек орында, жұмыс үстелінде, т.б жерлерде кепкен соң және оларға сіңгеннен кейін белсенділігін екі аптаға жуық, ал бөлме шаңында бес аптаға дейін сақтайды. Барлық дезинфекциялаушы құралдар тұмау вирусын тез жояды және осы құралдарды қолданып, стандартты ылғалды тазалық үй-жайларды зарарсыздандыру тиімді тәсілі. Бөлмелерді жиі желдетіп тұруды да ұмытпаған жөн. Тұмауды жеңіл ауру деп қарауға болмайды. Оның асқынулары қауіпті ауруларға апарып соқтырады. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары , жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ созылмалы аурулардың жүрек , қан-тамыр , өкпе ,бронх тарапынан, қант диабеті  және эндокриндік жүйесінің басқа да өршуі жатады.
Асқынулар әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі, себебі олрадың иммунитеті әлі жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. 
Адам өзін және жақындарын тұмаудан әсіресе эпидемия кезінде толығымен қорғау мүмкін емес. Бұл уақытта адамдар арасында жиі суықтап ауруы, жөтел, әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы байқалады. Тұмау вирусы ауа тамшылы жолмен беріледі. Түшкіру және жөтелу кезінде сілекей тамшылары айналадағы заттарға жабысып, шаңмен бірге ауа арқылы тыныс жолдарымен ауызға түседі. Тұмау белгілерінің бірі-дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну. 
Ауру тез басталады. Екінші күні  мұрынның аздап бітелуі және құрғақ жөтел пайда болады.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу:
Тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымы алдында-жыл сайын у тұмауға қарсы дер кезінде профилактикалық егу алу
-Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту
-Медициналық бетперде кию
-Түшкіргенде ауызды бет орамалмен немесе шынтақпен  бүркеу
- Қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған спиртті құралмен сүру
-Үй-жайларды ылғалды жинау,желдету  және ауаны ылғалдандыруды жүзеге асыру 
- Ағзаның жүйелі шынығуы, толыққанды ұйқы, дұрыс тамақтану
Тұмаумен ауырған кезде үй жағдайында өздігіен емделуге болмайды. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу керек.

Исатай аудандық СЭББ басшысы

Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT