Бүлдіршіндеріміз облыстық фестивальға барады

«Жалын» мәдениет үйінде 16 мамыр күні дәстүрлі мектеп жасына дейінгі «Айгөлек» фестивалінің аудандық кезеңі өтті.

Фестивальді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерлан Ескендірұлы ашып, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Бес түрлі аталым бойынша бағаланған фестиваль қорытындысымен театрлық-сахналық қойылым жанры бойынша «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының «Ерте, ерте, ертеде...» ертегісі, саз аспабында орындау жанры бойынша «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының «Еркем-ай» балалар оркестрі, хореография аталымы бойынша «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының «Түймедақ» биі, вокал жанры бойынша жеке орындауда «Мен - анамның ақ құсы» әнімен «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіні Шапиғолла Мадина, топтық ән орындауда «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің орындаушылары жеңімпаз атанды.

Ал, көркемсөзден «Балдырған» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіні Нұрғуат Сауран жергілікті ақын С.Панабердиевтің «Қастерлі туған жерім осы менің» атты өлеңімен озық танылып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Айта кетейік, аталмыш фестиваль ауданымызда 14-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Ару ҚИСИМОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521