Ақниет дәстүрлі әннен дара шапты

Қараша айының 24-25-і күндері аралығында Атырау қаласында IV Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Ақ сұңқар» Халықаралық фестиваль-конкурсы болып өтті.

Дарынды жас орындаушыларды қолдау, өнерге жақын өрендер арасында достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ету, қоғам назарын музыкалық білім беру мәселелеріне тарту мақсатында өткен шараға ауданымыздан хореография, аспаптық жанр, мәнерлеп оқу, ансамбльдер, хорлар, вокал, дәстүрлі ән жанрлары бойынша барлығы жас ерекшеліктеріне қарай 14 оқушы қатысқан. Олардың арасында дәстүрлі ән номинациясы бойынша Ақниет Райымбекқызы бас жүлдені жеңіп алса, осы номинацияда Гүлнұр Мұхамбет пен Айзере Ламиха (жетекшісі Ә.Бахитова), Ақерке Жанболат (жетекшісі А.Базарова), Тамила Берқайырқызы (жетекшісі П.Сапаева) 1-орындарға қол жеткізген.

Домбыра номинациясы бойынша Жастілек Әлімғали (жетекшісі З.Насиханова) 1-орын, сырнай тартудан Альмира Төлемісқызы (жетекшісі А.Молдағалиева), қобызда ойнаудан дуэт - Дана Бекболат пен Мадина Жайшылықова (жетекшісі Ж.Аженова) 1-орынды қанжығаға байлап, дипломдар мен медальдарға ие болды. Ауданымыздан барған басқа қатысушылар да жүлдесіз қайтпады.

Жас өнерпаздарға өнер жолында сәттілік қана тілейміз.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT