Айдана І орын иегері

Бүгін Атырау қаласында Халық қаһарманы, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш-штурман Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған патриоттық ән байқауының облыстық кезеңі өтті.

Аталған іс-шараға Исатай ауданынан Айдана Бақытова, Қазыбек Нигметов және Мирас Махмудов қатысты.

Жалпы жарысқа қатысқан 30 үміткердің 19-ы ғана екінші бөлімге сүрінбей өтті. Солардың арасынан үздік болып танылған Айдана Бақытова І орынды иеленіп, күллі Исатай ауданын қуантты. Ол бірінші кезең бойынша Виктор Цойдың «Кукушка» әнін шырқаса, екінші кезеңде Естайдың «Сандуғаш» әнін тамаша орындап шықты.

Сондай-ақ Мирас Махмудов ынталандыру сыйлығына ие болса, Қазыбек Нигметов алғыс хатпен марапатталды.

Берікбол ҚОНАРОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521