Құрманғазы ауданында вокалды-аспапты ансамбльдер арасында «Әуелесін кешегінің әндері» атты облыстық ретро-фестиваль өткен болатын.
Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандары мен Астрахан, Атырау қалаларынан да топтар қатысқан фестивальда исатайлық «Айгөлек» ансамблі де өнер көрсетті.
Өнерпаздарды жылы қабылдаған Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев алдымен қонақтарға ризашылығын білдіріп, ансамбльдерге сәттілік тіледі.
Сахнада қазақ, орыс, ағылышын тілдерінде еркін шырқаған «Айгөлектің» Әділбек Жұмашев, Абзал Баташев, Дана Мажитова сынды әншілері де, оларды аспаптарда сүйемелдеген музыканттарымыз да ұйымдастырушылар мен көршілес аудан жұртының көңілінен шықты.
Кенжемұрат Мажитов жетекшілік ететін ансамбліміз Құрманғазы ауданы әкімінің алғыс хаты мен 80 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ топтың жас мүшесі Динара Шайкосова «Үздік бас гитарашы» атанды.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ