Ақындар Фаризаны жырлайды

Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

faraitis

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтысқа еліміздің барлық өңірінен 22 ақын келді. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.

farizaaitis

- Өзінің өмірін өлеңге арнап, барлық ғұмырын жырмен жырлаған жерлес апамыздың құрметіне Атырау облысының әкімдігі апталық шарасын өткізуде.

faraitis2

Кеше ақын апамызға арналған конференция өтті. Сондай-ақ, өлең-жыр байқауларын, спектакльдер өткізу жоспарлануда. Тек осы шаралармен шектелмей, алдағы күндері де ауқымды шаралар өтетін болады, - дейді Серік Шапкенов.

Айта кетейік, «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңі 13 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Облыстық халық шығармашылығы орталығында» өтеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

COVID 19

covid

Күнтізбе

мамыр 2020
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21