Алар асуың көп болғай, Aлмас!

Өткен жылғы желтоқсан айының басында облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінде Халықаралық мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Сырлы әлем» атты облыстық байқау-көрме ұйымдастырылған еді.

 Байқауға Атырау қаласы мен аудандардан 55 қатысушының 92 жұмысы ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша жерлесіміз, Абай атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Алхам Алмас жүлделі ІІІ орынға ие болды. Барлық жүлде алған қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

Болар тұлпардың тай кезінен белгілі болатынындай, жастайынан өзінің шектеулі мүмкіндігіне қарамастан өзі бойына біткен дарыны мен қарымының арқасында байқауларда атой салып жүрген оқушымызға біз де сәттілік тілейміз. Алар асуың көп болғай!

Меруерт ДӘУЛЕТКЕРЕЙ,

ғылыми жетекші

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21