Қамысқалалық жас өнерпаздар республиканы мойындатты

Исатай ауданындағы Новобогат балалар саз мектебінің шәкірттері республикалық байқаудан қос бас жүлде, бір 1-орын иеленіп абыройымызды асырды.

Тараз қаласының UZDIK_KZ орталығы ұйымдастыруымен 10 қазан-10 қараша аралығында Қазақстанның талантты өнерпаздарын анықтау мақсатында «UZDIKTER ALEMI» атты республикалық онлайн байқауы өткізілген болатын.

Аталған байқауға Новобогат балалар саз мектебінің оқушылары да қатысып, нәтижесінде кіші топ бойынша Ақжайна Мажит пен орта топ бойынша Кәусар Хамитова бас жүлде және Аман Арманұлы бірінші орынды иеленді. Лауреат дайындағаны үшін ұстаздары: Жеңісгүл Алипова мен Нэля Жаксымбетова Алғыс хаттармен марапатталды.

С.ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521