Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында этнофольклорлық ансамбльдер арасында батыс аймақтық конкурс өтті.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан 8 ансамбль бақ сынаған байқауға Исатай ауданынан Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебі ұжымының фольклорлық ансамблі де қатысып, жүлделі екінші орынды еншілеп, ауданымыздың абыройын асырды. Ал, ансамбльдің жетекшісі Ербол Ақтан мен әншілері ұйымдастыру алқасының алғыс хаттарына ие болды.
- "Ұлы дала сазы" деп аталған аймақтық өнер сайысының негізгі мақсаты Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" мақалаларында аталған ұлттық фольклорды насихаттау болды. Бұл сында Атырау облысы атынан басшымыз Ербол Ақтан жетекшілік ететін фольклорлық ансамбліміздің жүлдегер атанғанына шын қуаныштымыз, - дейді бізге әлеуметтік желі арқылы сүйінші хабарды жеткізген ұжым өнерпазы Альбина Мидар.
Жүлде құтты болсын!
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ