Ардагерлер ардақталған күн

Аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына арналған «Ардагерлер - туған елдің тірегі» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараны бастап ашып берген аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан жиынға қатысушы ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтап, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Бақтыгерей Сайфоллаұлы мен Мейрам Уәлитханұлына және Күләш Лотқызына аудан әкімінің құттықтау хатын тапсырды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Мәлік Әбілхайыров шараға қатысушы ардагерлерді құттықтады.

- Қазақ қариясын қазынаға теңеген. Қарттар бар жерде өнеге бар. Үлкендерді қашанда құрметтеп өскен халықпыз. Ардагерлер елдің болашағы үшін қолдарынан келгенін жасап, жақсы шаралар ұйымдастыруда. Оны бәріміз көріп, естіп жүрміз. Біз қашанда ардагерлерімізді құрметтеп, көңілдеріне қарап жүруіміз керек, - деді ол.

Сонымен қатар, бірқатар ардагерлерді марапаттады.

Атырау облысының «Ардақты ардагері» Алтын белгісімен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Қожантай Сыдихов пен Кәки Сапаров, «Ардақты ана» Алтын белгісімен Мұхсина Қойшиева мен Мағия Нұртазина марапатталды.

Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер-ұшқыш Хиуаз Доспанованың медалімен аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлбану Кабулова, ардагер Аманжан Ибатов, Тұщықұдық ардагерлер ұйымының төрайымы Қабира Каюмова, ардагер Ибатолла Қаражанов және Есенгелді Отаров марапатталды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешовтың «Құрмет грамотасымен» аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Мұрат Шахуов, Жансекер Бәбиқызы, Самиғолла Нұрсапин, Жанпейіс Мұхиденов, Мұстажап Аяшев, Сапура Жанадилова, Исабай Хидуллин марапатталды.

Облыстық ардагердер кеңесінің алғыс хатымен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Тұрлан Қарасов, Лиза Қозыбаева және Салауат Қабажанов, Әлия Сұлтанова, Әсия Шамарова марапатталды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлбану Кабулова:

- Аудандағы барша ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтаймын. Үлкенге құрмет, кішіге ізет деген осындайдан басталады деп есептеймін. Сіздердің еңбектеріңіз бен қолтаңбаларыңыз ауданның әрбір түкпірінде естелік болып тұр. Кейінгі ұрпақтар сіздерді үлгі етеді. Отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін, - деді.

Мерекелік шара сазды бағдарламамен жалғасын тапты. Әжелерден құралған ансамблдердің шашуы және жеке орындауда көңілді әндер мен күйлер көпшілікке тарту етілді.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521