«Атақ-даңқ қуғаным жоқ» дейді ардагер мұнайшы

Өткен аптада Исатай Тайманұлы атындағы музейде ардагер мұнайшы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, III-дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегері Құрмет Төлеуішовтың 70 жасқа толуына орай кездесу кеш өтті.

Кездесуге мұнайшының отбасымен бірге мектеп оқушылары және үзеңгілес замандасы Меңдібике Николайқызы қатысты. Музейдің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған кеште мұнайшыға арналған көрме-тақта ашылып, оны музей қызметкері Гүлназ Сағынәліқызы таныстырды. Арнайы дайындалған көрмеде мұнайшының өмірдерегі, әріптестерімен түскен суреттері, әртүрлі дәрежедегі алғыс хаттары және наградаларымен қатар мұнайшы жөнінде жазылған газет материалдарының қиындылары орын алған.

- Қай салада жасасам да, елге адал қызмет еттім. Мен тек мұнай саласында емес, одан бұрын ауылшаруашылығы саласына да бір кісідей еңбек сіңіргенмін. Алғаш жұмысқа орналасқанымда, шыны керек, мұнайдың түсінің қандай екенін де білмей барғанмын, рас, әр мамандықтың өзіне тән қиындықтары болады. Әкем қой бағып, бізді жастай еңбекке тәрбиелегенінің арқасы болар, 35 жыл үзіліссіз бір салада тер төктім. Атақ-даңқ қуғаным жоқ, ер бағасын ел беріп жатыр. Ендігі келешек тұтқасы жастарға айтарым, білімді, адал болыңдар, - деген мерейгер өзімен бірге келген ұрпақтарын таныстырып, ұйымдастырушыларға шын көңілден рахметін айтты.

Шара соңында Аққыстау орта мектебінің оқушылары домбырамен ән шырқап, музей ұжымы ардагерге арнап құттықтау хат пен естелік сыйлық табыстады.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521