Қатарынан оза шапқан жас талант

Өткен айда Атырау қаласында өткен IV балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Ақ сұңқар» халықаралық фестиваль-конкурсынан жүлделі орын алған аудан оқушылары туралы газетіміздің №48 санында жарияланған болатын.

Аталмыш сайыста «Ағайша» және «Ойыл қайда, Жем қайда?» әндерін домбыраның сүйемелдеуінде шебер орындап, І дәрежелі диплом және медальмен марапатталған Гүлнұр Мұхамбет – соңғы кездері өзінің әуезді дауысымен, сахналық орындау шеберлігімен талай сайыста атой салып, танылып келе жатқан жас өнер иесі. Бүгінде Абай атындағы орта мектептің 9-сыныбында оқитын Гүлнұр Аққыстау саз мектебінің «Дәстүрлі ән» сыныбында білім алуда.

Былтыр облыстық «Ән қанатында» байқауында жүлделі ІІ орын алған. Тәлімгері - Әсем Бақитова. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, қолына домбыра алып, қазақы әуендерімізді жетер жеріне жеткізе шырқап, сайыста аудан атын шығарып жүрген жас өнерпазға шығармашылық шабыт пен биік асулар тілейміз!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521