Атырауда “Кітапхана түні-2025” мәдени шарасы өтті

Қалалық кітапхана қорындағы салалық әдебиеттерді кең көлемде насихаттаған “Кітапхана түні-2025” мәдени іс-шарасы Ұлттық кітап күніне орай Атырау қалалық кітапханасында өткізілді.

Шараның мақсаты - оқырман мен кітапхананың арасында алтын көпір орнату, жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани орта қалыптастыру. 


“Кітапхана түні-2025” шарасы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында көшет отырғызумен басталды. Оқырмандар мен шара қонақтары кітапхана ауласын көгалдандыруға ат салысты. Мәдени жиында  мотивациялық кітаптардың көрмесі, психолог маманмен тренинг, шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округ кітапханалары мен клуб ұжымдары қойылым қойды.

Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты барлық кітапхана бөлімшелері қатысқан кеште белсенді оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT