Исатай аудандық музейі жанынан «Мирас» Исатай аудандық өлкетанушылар клубы құрылды.
«Мирас» өлкетанушылар клубының мақсаты өлке тарихын тереңінен зерттеп, өскелең ұрпаққа өлмейтіндей мұра қалдыра отырып насихаттау. «Мирас» өлкетану клубы мүшелелері анықталып және төрасы сайланды. Әрбір клуб мүшесі өлке тарихынан сыр шертетін құнды деректермен бөлісіп, тарих ізін жалғауға ат салысатын болады.
«Мирас» өлкетанушылар клубының төрағасы болып Мемлекеттік қызмет саласының үздік ардагері, бірнеше кітаптардың авторы Мәди Өтеғалиев сайланды.
Берікбол ҚОНАРОВ