Ауыл ақынын еске алды

Өткен аптаның сәрсенбісінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес Нарын ауылдық клубында «Фариза - тұнық жырдың тұмары» атты аудандық жыр мүшәйрасы болып өтті.

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына орай ұйымдастырылған аудандық байқауға барлық ауылдық округтер бойынша 19 үміткер қатысып, бақ сынады.

Жыл сайын дәстүрлі өткізу жоспарланған жыр байқауының биылғы шарасы да ақынның туған жері Манаш ауылында, дәлірек айтқанда, Нарын ауылында ұйымдастырылуы бекер емес. Жалпы мақсаты отты өлеңдері халық жүрегінен орын алған поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы жас буынды поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, жас таланттарды табу, ақындық дәстүрді жалғастыру еді.

Өткізілу деңгейі жоғары, қатысушылары үлкен дайындықпен келген шараны ашқан Нарын ауылдық округінің бас маманы Ғ.Қазбек шара қонақтарына қош келдің айтып, сәттілік тіледі. Үш кезеңнен тұратын мүшәйраның І кезеңі «Жүрегіме жыр құйған – ақ Манашым» деп аталып, оған қатысуға тілек білдірген 10 үміткер жас Фариза ақынның өлеңдерін жатқа оқып, жыр табиғатын тыңдарманға мәнерлі түрде жеткізе білді. «Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын» тақырыбындағы ІІ кезеңінде жас ақындар өз шығармаларын ұсынып, ақындық шеберліктерін танытты.

Ал байқаудың ІІІ кезеңі «Ән шырқағым келеді бар ғаламға» деп аталып, Фариза ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау бойынша әншілер өнер көрсетті. Қатысушы жастардың өнерін бағалаған қазылар алқасы байқау қорытытындысын жариялап, үш кезең бойынша жүлделі орындар мен ескерткіш сыйлықтарды табыс етті.

Атап айтқанда, І кезең бойынша нарындық Ұ.Болатқали бірінші, жанбайлық А.Мусағали екінші, Тұщықұдық ауылынан келген Г.Дәулеткерей үшінші орынды иеленсе, ақындық қабілетін таныта білген жанбайлық А.Ғазизова бірінші, зинедендік Ә.Мұхарам, Исатай ауылынан келген А.Жаңбырбаева екінші, үшінші орындарды бөлісті. Ақын сөздеріне жазылған әндерді орындау кезеңінде нарындық М.Ғабделғазизқызы, Аққыстау мен Жанбай ауылдарынан келген жас әншілер А.Қадырбай мен Н.Әлидуллалар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Басқа қатысушыларға да Алғыс хаттар табыс етіліп, құрмет көрсетілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521