«Ауыл әндері» ретро-фестивалі өтеді

Тұщықұдық ауылдық округі әкімшілігі және Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында «Ауыл әндері» ретро-фестивалі өтеді.

Өнерпаздарды Нариман Үлкенбайұлы атындағы жүлде (І орын 100,0 мың теңге), жайықтық мұнайшылар атындағы жүлде (ІІ орын 75,0 мың теңге), Жанай Беркалиев атындағы жүлде (ІІІ орын 50,0 мың теңге) және үш ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр. Сайысқа басқа ауылдардан да өнерпаздар қатысады.

Ауыл жайлы ескі және қазіргі әндерді тыңдағыңыз келсе, келіңіздер, көріңіздер!

Шараның басталуы: 2019 жылғы 25 қараша, сағат: 16.00.

Өтетін орны: Тұщықұдық ауылы, Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі.

ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521