Ауылдарға жаңа мәдениет үйлері салынады

Ел Президентінің халқына жасаған алғашқы Жолдауынан көкейінде жүрген көп сұраққа жауап тапқандардың бірімін деп ойлаймын.

Жолдауда мәдениет саласын атап көрсетуі, сала қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіруге тапсырма беруі біз үшін қуантарлық жағдай болды.

Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани байлығы десек, сол арқылы елдің еңсесі биіктеп, рухы да жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда біз, мәдениет қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жасалынған жоспарға сай жергілікті жерлерде көптеген жұмыстар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырудамыз. Аудандағы Нарын, Зинеден, Исатай ауылдарында 200 орындық мәдениет үйлерін салуға сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Мемлекет басшысы Жолдауында ауылға көп көңіл бөлу керек екенін баса айтқан болатын, аталған мәдениет үйлерінің құрылыстары келер жылдары басталса нұр үстіне нұр болған болар еді.

Алдағы жылы ардақтыларымыз Әл-Фарабидің - 1150, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойларын атап өту арқылы ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін кейінгі ұрпаққа насихаттау шараларына менің әріптестерім де өзіндік үлестерін қосарына сенімдімін.

Салауат МЕҢДІҒАЗИЕВ,

Исатай ауылдық клубының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT