Автокөліктің иесі анықталды

2002 жылы мектеп бітірген Аққыстау орта мектебінің түлектері 20 жылдық мерейлі мерекелерін тойлады.

Таңертеңгі соңғы қоңырау шарасынан кейін, мерейтой иелері, яғни, 1985 жылы туған қыз-жігіттер аудан орталығындағы  «QAZAQ ELI» демалыс саябағына жиналып, кешкісін концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарламаны тамашалауға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Балаларға тегін 150 балмұздақ таратылып, кішкене ойын алаңдары құрылды. Сәлден кейін сахнаға аудан өнерпаздары көтеріліп, орталық алаң қызықтан қайнады.

Жалпы, 20 жылдық мерекеге арналған концерттік шаралар, жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Бірақ, биылғы ұйымдастырылған шараның ерекше екендігі, сол жерге жиналған халықтың көзқарасынан-ақ білініп тұрды. Өйткені, бұл кешке эстрада жұлдыздары келетіні және тұрғындар үшін лоторея ұйымдастырылатыны алдын-ала хабарланған еді.

Сондай-ақ, сыйлыққа шаңсорғыш, теледидар, велосипед, киім жуғыш машина, тоңазытқыш секілді ірі тұрмыстық техникалар мен автокөлік тігілді. Бірі көңілді кешті тамашалауға келсе, енді біреулер темір тұлпарды мінсек деген арманды алға тартып келгендері анық. Жастар жағы өнер жұлдыздарына деген қошеметін аямай, ысқырып-шулап, алаңды көтерді.

Эстрада әншісі Бейбіт Көшкалиев өзінің репертуарынан бірнеше әнді 1985 жылы туған замандастарының құрметіне арнап, шырқады. Әйгілі әзілқой әртіс Ақболат Өтебаев өтімді әзілдерімен халықты бірден баурап алып, лоторея ойынын жүргізді.

Сыйлыққа тігілген тұрмыстық техникалар өз иелерін тауып, соңында автокөліктің кілтін ұйымдастырушы, аудандық мәслихаттың депутаты Асхат Жұмабеков аққыстаулық Жексенбай Сапаровқа өз қолымен табыстады. Мерекенің құрметіне орай, аспанға отшашулар атылып, тамаша көрініске куә болған жұрт керемет көңіл-күймен тарқады.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521