Батыр қыз - Хиуазға ескерткіш орнатылды

Атырау халықаралық әуежайы алаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш ашылды.

Бұл жайлы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Оның ерлігіне бас иген жерлестері әуежай алдында батырға арналған ескерткіш орнату туралы бастама көтерген болатын. Сол бастамашыл топтың ұсынысы қабыл болып, тарихи сәт туды.

khiuaz2

Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ескерткіштің орнатылуына бастамашы болғандардың бірегейі - «Айқын» газетінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі Тұрсын Қалимова мен батырдың бауыры, жерлестері келді. Олар өз кезегінде сөз сөйлеп, Хиуаз Доспанованың батырлығы мен қайсарлығын ұлықтады.

khiuaz3

- Ел басына күн туған сәтте ер азаматтармен бірге сапқа тұрды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз. Ешкім оларды міндеттемеді. Жүрек қалауымен елдің болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен елдің даму стратегиясында көрсетілген межелердің бірегейі – әйел қауымына үлкен құрмет көрсету. Сондықтан да бүгінгі салтанатты шара барша аналарымызға, қазақ қыздарына соның ішінде бірегейі - Хиуаз Доспановаға құрмет болып табылады, – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

khiuaz4

Атырау Халықаралық әуежайына орналасқан ескерткіштің биіктігі – 2м 30см. Қоладан құйылған мүсіндік бейнесінде Хиуаз Доспанованың соғысқа аттанған бойжеткен қалпы сақталған. Еске сала кетейік, «Халық қаһарманы» 2008 жылы 20 мамырда өмірден өтті.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика