«Бейбарыс» Мысыр астанасы Каирде сахналанды

Атырау облысы әкімінің қолдауымен Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына орай, Каир қаласының CAIRO OPERA HOUSE театрында Р. Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасын сахналады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойылымның режиссері – М. Томанов, Ж.Телтаев, суретші – Т.Мұхтаров. Бейбарыс Сұлтанның туған жерінен жырақта, жат жерде жүріп сезген жан азабы, жусан иісін сағынған сағынышы, достық пен тақ таласы бейнеленген қойылым көптің көңілінен шықты. Шараға қатысқан Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф, Калюбия губернаторы, генерал Абдулхамид АлХагтан жылы лебіздерін білдірді.

Жергілікті жұртшылыққа ұғынықты болу үшін спектакль араб тіліне тәржімаланды. Субтитрмен жазылған мәтін сахна алдындағы үлкен экраннан берілді.

Суреттер басқарманың баспасөз қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521