Берікболдың байрағы

Қаламгерлердің кәсіби мерекесі қарсаңындағы бір шырайлы шара Қазақстан Журналистер Одағының облыстық филиалы ұйымдастырған «Өнерлінің өрісі кең» атты бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы әуесқой өнерпаздардың байқауы болды.

Әншімін, күйшімін, бишімін деген әріптестердің біразы сынға түскен осынау өнер байқауында «Нарын таңының» ұжымы атынан газет тілшісі Берікбол Қонаров та бақ сынады. Әрине, қазылары да қарапайым БАҚ қызметкерлерінің әрбір орындауына мұқият зер сала отырған өнер додасында дара танылу да оңай емес-ті. Нәтижесінде ән жазумен де айналысатын әріптесіміз Берікбол өзінің «Аяулы ана» туындысымен тыңдарманын тәнті етіп, жүлделі бірінші орынды иеленіп оралды.

 Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521