Бір шумағымен біраз ақынды таңғалдырған

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мен ақын, жазушы болмасам да Нұралы ағайдың өлеңдерін оқып отырып, сол туындыларынан адамның күш-қуатын өсіріп, рухын көтеретін сондай бір қуаттылықты сезетінмін. Сондықтан да шығар, ақын өлеңдерін жаныма жақын тұтып, жиі оқитынмын. 2013 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің жеті томдық шығармалар жинағы шығып, сол жылдың желтоқсан айында елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырған едім. Әбіш Кекілбаев, Қуаныш Сұлтанов, Әділжан Ахметов, сол кездегі «Егемен Қазақстан» газетін басқарған Сауытбек Абдрахманов бастаған бір топ белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары қатысты. Сол кешті Жұмекеңнің ең жақын досы Әбіш Кекілбаев ағамыз сөйлеп ашқаны есімде. Жан тебірентер шұрайлы сөзімен көпті баурап алған ағамыздан кейін маған кезек келді. Әбіш ағама рақметімді айта келе, өзінің 60 жылдық мерейтойында арнаған Атыраудың арқалы ақыны, құрдасы Нұралы Әжіғалиевтің бір шумақ өлеңін оқып бердім. Қасқая жарқыраған қарыс маңдай, Аумағы алты батыр алысқандай. Күмбірлеп көмейінен сөз шыққанда, Секілді жүз дария жарысқандай, - деп келген Нұрекеңнің бір ғана шумағына отырған ақын-жазушылар дүр ете түсті. «Апыр-ай, бұл кім, кімнің өлеңі еді бұл?» десіп жатты көпшілігі. Сол кезде мен: «Бұл ауылда дүниеге келгенімен, өздеріңіз сияқты Астананың төрінде отырмаған, ауылда тұрып, сол ауылда өмірден өткен арқалы ақын ағамыздың сөзі» дедім. Жиыннан шыққан соң кейбір адамдар осы өлең жолдарын менен қайта сұрап, тіпті, жазып алып жатты. Міне, сондай бір ғана шумағы сол жердегі ақын жазушыларды дүр сілкіндіріп, оларға осы бір қысқа қайырым үлкен бір даналық болып көрінгенде төбем көкке жеткендей болған.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521