Дана Мәскеуді мойындатты

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында өткен халықаралық ән байқауында жерлесіміз Дана Мәжитова бірінші орын иеленді.

Бұл туралы Дананың ұстазы Альбина Мидардан телефон арқылы білдік. – Үлкен топтан 11 үміткер сынға түсті. Үздіктер арасынан дараланған Дананың өнері қазыларды тәнті қылыпты. Оны сарапшылар жүлдегерлерді марапаттау салтанатында ерекше атады, - дейді ол.

dana1or

Альбинаның айтуынша, Дана орындаушылық шеберлігі мен әртістік қабілеті, сахнада өзін-өзі ұстауы жағынан басқалардан оқ бойы озық болыпты. Дананың жеңімпаз атандырған «Қорқыт-қобыз» бен «Желдірме» әндері екен.

Естеріңізге салайық, Дана Мәжитова сайыстың Атырау қаласында өткен республикалық кезеңінде топ жарып, халықаралық байқауға берілетін жолдаманы жеңіп алған болатын. Енді, міне, тағы да олжа салып отыр. Бәрекелді, жеңіс құтты болсын!

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521