Дана республикадан екінші орын мен халықаралық жарыс жолдамасын жеңіп алды

Бүгін аққыстаулық жас әнші Дана Мәжитова Алматы қаласында өткен «Amanat music» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің республикалық 2-кезеңінде өнер көрсетті.

Алматы төрінде нағыз өнер майталмандарын өз талантымен мойындатқан Дана қызымыздың бұл жолы да қанжығасы майланды. Еліміздің әр аймағынан келген 9 үміткердің ішінен ерекше өнерімен көзге түскен ол екінші орынды еншілеп, конкурс-фестивальдің ақтық сыны - халықаралық кезеңге берілетін жолдаманы жеңіп алды. Бұл жайлы біз Дана Мәжитованың ұстазы Альбина Мидардан телефон арқылы білдік.

d

- Негізінен жарыс ережесіне сай Дана сынға түсетін вокал жанры бойынша үміткерлер кеше өнер көрсетті. Оған үлгермеуіміздің себебі бар. Арыстағы оқиғаға катысты пойызымыздың уақыты өзгеріске ұшырап, басында не істерімізді білмей қатты қобалжыдық, - дейді Альбина. – Ұйымдастырушыларға жағдайды телефон арқылы жеткізгенімізде жоба авторы Сәуле Жанпейісова апайымыз Дананы өз тобына үлгермесе де, келесі күні сахнаға шығаруға болатынын айтты. Жалпы вокалдан үлкен топта 9 үміткер бақ сынады. Соның арасынан екінші орын - еншімізде. Қуаныштымыз, - дейді жас әншінің жетекшісі.

Өнер сайысының ақтық кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 1-4-қараша күндері өтеді.

Серікбол БЕРІКБАЙ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика